Ұлттық кеңес мүшесі ауылда инновацияны дамытудың тетігін айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Төлеутай Рахымбеков ауылды жерлерде инновацияны дамыту үшін білімнің ұлттық жүйесін құру бойынша бағдарлама әзірлеуді ұсынды, деп хабарлайы ҚазАқпарат тілшісі.

«Білім беру саласында жағымды жаңалықтар да бар. Қазіргі таңда екі аграрлық университетке ұлттық аграрлық және астаналық С.Сейфуллин атындағы Агротехникалық университетке ғылыми зерттеу университеті мәртебесін беру туралы Үкімет қаулысының жобасы мемлекеттік органдардың қарауына енгізілді. Ауылды жерлерде инновацияны сәтті қолдану үшін білімді тарату жүйесі өте маңызды. Бірақ бүгін де ол да шашыраңқы күйде. Ауылды жерлерде білім таратудың ұлттық жүйесін құру бойынша бағдарлама әзірлеп, оның бірыңғай операторы ретінде ұлттық аграрлық ғылыми білім беру орталығын анықтауды ұсынамын», - деді Төлеутай Рахымбеков Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің кезекті отырысында.

Оның айтуынша бүгін де ғылыми жетістіктердің дәл осы білім тарату жүйесінің дамуына тікелей байланысты.

«Өкінішке қарай алдағы жылға аграрлық ғылымды қаржыландыру көлемі жоспарланған деңгейден 6 есе кем сомаға қысқартылып жатыр. Әрине бүгінгі жағдайда бюджет шығыстарын азайту қажеттігін толығымен түсінеміз. Бірақ ғылымды орташа елдер деңгейінен 12,5 есе аз қаржыландыруды оңтайлы шешім деп есептемеймін», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар