Ұлттық кеңес мүшелігінде өз білімім мен тәжірибемді ел игілігіне жаратамын – Бақытжан Бұқарбай

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Белгілі қоғам белсендісі, сарапшы, AmalBooks баспасының жетекшісі Бақытжан Бұқарбай ұлттық кеңес мүшелігінде өзінің барлық білімі мен тәжірибесін халық иігілігіне жаратпақ екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, Ұлттық кеңес қоғамдағы өзекті мәселелерді шешуде маңызды рөл атқармақ.

«Жұртшылықтың, қоғамның, азаматтық қоғам өкілдерінің, партиялардың кеңінен талқылауы негізінде мемлекеттік саясаттың өзекті мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдарды тұжырымдау міндетіміз болмақ. Билік азаматтық қоғам өкілдерімен бірлесе отырып, өзекті мәселерге қатысты шешімдерді бірлесе анықтап, бірлесе қабылдау деп алып отыр негізгі мақсатын. Бұл құптарлық нәрсе. Менің немен айналысатынымды, қандай мәселе ұсынарымды әзірге дөп басып айта алмаймын. Алғашқы отырыс болатын тамыз айына дейін көтеретін мәселе айқындалады», - деді Бақытжан Бұқарбай.

Ол кеңеске өзін ұсынбағанын жеткізді.

«Мен бұған дейін де қоғамдық мәселелермен айналысып келгенмін. Біз осыған дейін 4 жылдан бері мың адамға қазақ тілін үйреттік. 3 жылдай қазақ жастарының арасында ел арасында кітап оқуды қайтадан трендке айналдыру үшін жүгіріп жүрмін. Осы бағытта білімім, тәжірибем бар. Бірнеше кітабым шықты. Қазақстан стратегиялық зерттеу институтында 3 жылдай қызмет еттім. Аналитикалық тәжірибем бар. Осы бағыттағы білім мен тәжірибемді ел игілігіне жаратамын деп айта аламын. Мен ешқашан өзімді ұсынған емеспін. Мені кім ұсынғанын да білмеймін», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар