Ұлттық кеңес мүшелері СҚО-да президент бастамаларын іске асыру жайын талқылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 1 маусым күні Ұлттық кеңес мүшелері Солтүстік Қазақстан облысына барды. Олар облыстың қоғамдық кеңес өкілдерімен кездесіп, ауыл шаруашылығын дамыту, ШОБ, облыстың елді мекендерін инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, сондай-ақ сыртқы және ішкі көші-қон мәселелерін талқылады.

Сапар барысында кеңес мүшелері сондай-ақ Қызылжар және Мамлют аудандарына барды.

Қызылжар ауданы ауылдық округтерінің әкімдерімен кездесу барысында ауыл әкімдерін тікелей сайлауға әзірлік барысы ортаға салынды.

Сондай-ақ Ұлттық кеңес мүшелері Петерфельд ауылындағы Қызылжар Абай орта мектебіне барды. Білім мекемесіне толық реконструкция жүргізіліп, жабдықтар жаңартылған.

Сондай-ақ оқыту мазмұны мен әдістері қайта қарастырылған, педагогикалық ұжымды қолдау және ынталандыру шаралары әзірленді.

Өз кезегінде Мамлют ауданында Ұлттық кеңес мүшелері елдің оңтүстігінен солтүстік аймаққа қоныс аудару аясында көшіп келген аудан тұрғындарымен кездесті.

Бұл кездесуде аудан тұрғындары жаңа жерге көшу тәжірибесін бөлісіп өтті.

Кездесу соңында қатысушылар ұлттық кеңес қызметінің аясында ішкі көші-қон мәселелерін жан-жақты қарастыруға келісті.

Сондай-ақ, кеңес мүшелері облыстың сарапшылары және ғалымдарымен кездесіп, білім беру мәселелерін, аймақтық ғылыми зерттеу жүргізу әдістерін, сондай-ақ ғалымдардың бизнес және мемлекеттік орган өкілдерімен өзара әрекеттестік форматтарын ортаға салды.

Студенттер және жастар ұйымдарының белсенділерімен кездесуде білім көші-қоны, жастардың жұмыспен қамтылуы және жастарды қолдау жобаларын іске асыру мәселесі талқыланған.

Сапар барысында БҚҰК мүшелері қоғамшыларға, ғалымдар мен белсенді жастар өкілдеріне президент бастамаларының жүзеге асыру барысы, атап өткенде, заңнамаға сайлау мәселелері бойынша өзгерістердің енгізілуі жайында баяндап берді.

Ұлттық кеңестің өңірлерге сапар жасау тәжірибесі жалғасады.

Кеңес мүшелері алдағы уақытта Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстарына сапар шегеді.


Соңғы жаңалықтар