Ұлттық кеңес мүшелері Қарағанды облысында Президент бастамаларын талқылады

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – 16 маусымда Ұлттық кеңес мүшелері Қарағанды облысының қоғам белсенділерімен кездесіп, Президент бастамаларының жүзеге асырылу барысын талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҰҚСК мүшелері өңірге сапар барысында облыс әкімі Жеңіс Қасымбековпен кездесті. Кездесуде әкім экономикалық дамудың негізгі бағыттары мен негізгі инфраструктуралық жобалардың жүзеге асырылуы туралы айтты.

Одан кейін Қарағанды облысының қоғамдық кеңес өкілдерімен кездесу болды. Кездесуге қатысушылар қоғам белсенділері, сарапшылар және жергілікті атқарушы органдар өкілдерімен арадағы қарым-қатынастың тиімділігін арттыру жөнінде ойларымен бөлісті. Одан бөлек, кездесу кезінде моноқалаларды дамыту, ішкі және сыртқы көші-қондағы үрдістер туралы сөз қозғалды.

Сонымен қатар «Бизнес Бастау» жобасының қатысушыларымен кездесу өтті. Онда өңірде шағын кәсіпкерлікті ашу және дамыту сұрақтары талқыланды.

Сапар барысында Ұлттық кеңес мүшелері Абай ауданында болды. Онда олар ауылдық округ әкімдерімен кездесіп, ауыл әкімдерін тікелей сайлауды ұйымдастыруға дайындық үдерісін талқылады.

Одан кейін Көксу ауылында ҰҚСК мүшелері «Шанс» шаруа қожалығының жұмысымен танысты. Кездесу кезінде шаруалар ауыл шаруашылығы, агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдау шаралары туралы сұрақтарды көтерді.

Сапар барысында ҰҚСК мүшелері қоғам белсенділеріне, «Бизнес Бастау» жобасының қатысушыларына, шаруаларға саяси және экономикалық бағыттар бойынша президенттік бастамалардың жүзеге асырылуы туралы айтып берді.

Жақын арада Ұлттық кеңес мүшелері еліміздің басқа өңірлеріне де сапар жасауды жоспарлап отыр.


Соңғы жаңалықтар