+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Ұлттық кеңес: Қала мен ауыл мектептері арасында 1,5 жыл алшақтық бар

2020 жылғы 27 мамыр 13:04
Бөлісіңіз:
Ұлттық кеңес: Қала мен ауыл мектептері арасында 1,5 жыл алшақтық бар

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Білім берудегі алшақтықты азайту үшін шағын жинақталған ауыл мектептерін білікті кадрлармен қамтамасыз ету керек. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Келесі бір маңызды міндет – қалалық және ауылдық мектептер арасындағы алшақтықты азайту. PISA мәліметтері бойынша қазір арадағы алшақтық 1,5 жылды құрайды. Барлық балалар тұрғылықты жеріне немесе әлеуметтік жағдайына қарамастан сапалы білімге қол жеткізуі керек. Айта кету керек, қалалық және ауыл тұрғындары арасындағы білім алшақтығы үрдісі бірқатар мемлекетте бар», - деп атап өтті Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің онлайн форматтағы 3-отырысында.

Президент бұл жағдайға байыпты, нақты көзбен қарау керектігін айтты.

«Бұл мәселені драмаға салудың қажеті жоқ, жай ғана шаралар қабылдау қажет. Алшақтықты азайту үшін ауылдағы шағын жинақталған мектептерді білікті оқытушылар құрамымен қамтамасыз ету керек», - деді Қ. Тоқаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT