Ұлттық кеңес аясында бірнеше іс-шара өткізілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ақордада Президент Әкімшілігі жетекшісінің орынбасары Тимур Сүлейменовтің төрағалығымен Ұлттық кеңестің жұмыс тобы мүшелерінің экономикалық мәселелер бойынша кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Президентінің кеңесшісі Ерлан Қаринға сілтеме жасап.
«Күн тәртібінде шағын және орта бизнес, жер реформасы және квазимемлекеттік секторды жетілдіру мәселелері қаралды. Отырысқа Қаржы, ұлттық экономика, ауыл шаруашылығы министрліктері және «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры, «Бәйтерек» және «ҚазАгро» ұлттық компаниялары, сондай-ақ «Атамекен» ҰКП өкілдері қатысты», деп жазды Ерлан Қарин Telegram-дағы парақшасында.
«Үкімет үйінде» вице-премьер Бердібек Сапарбаев Ұлттық кеңестің жұмыс тобы мүшелерінің әлеуметтік-мәдени мәселелер бойынша ұсыныстарын қарастырды. Адами капитал, білім беру, денсаулық сақтау және мәдениетті дамыту мәселелері талқыланды.
Осындай кездесулердің арқасында қоғам мен мемлекеттік органдар дамытудың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасады және ұстаным жақындастығын қалыптастырады. Көптеген мәселе бойынша бірыңғай түсінік қалыптастырылады.
- Әлихан Смайылов семейліктерге пәтер кілтерін табыс етті
- Мыңдаған елордалық жастар пәтер кілтін алды
- Ақтөбеде волонтер мемқызметшілердің пулы құрылады
- Шымкентте Әл-Фараби мен Абайға ескерткіштер орнатылады
-
Дәулет Кәрібек: Жастар жылы – әлеуметтік мәселелерді шешіп беру ғана емес
-
Премьер-Министр өңірлердегі инфляция мәселесіне назар аударуды тапсырды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам