+7 (701) 759 90 19
USD 435.76 EUR 493.41
RUB 5.89 CNY 68.37
Jańalyqtar

Ұлттық кеңес 3 жаңа әлеуметтік санат бойынша грант бөлуге атсалысты - Ерлан Қарин

2021 жылғы 27 қыркүйек 17:41
Бөлісіңіз:
Ұлттық кеңес 3 жаңа әлеуметтік санат бойынша грант бөлуге атсалысты - Ерлан Қарин

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі жұмысының елеулі бөлігі саяси реформаларды әзірлеу және ілгерілетумен қатар, Президент ұсынған түрлі әлеуметтік бастамаларды іске асыруға арналған. Мемлекет басшысының көмекшісі Ерлан Қарин Telegram каналында осындай пікір жазды, хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
2023 жылы аса тапшы медицина мамандықтарына 2600 грант бөлінеді

«Мемлекет басшысының 2020 жылғы 27 мамырда Ұлттық кеңестің үшінші отырысында берген тапсырмасын орындау аясында қаңтарда «Білім туралы» ҚР Заңына төрт және одан да көп кәмелетке толмаған бала тәрбиелеп отырған отбасынан шыққан балалар; осы мәртебені кемінде 3 жылдан бері иеленіп келе жатқан жанұялар; толық емес отбасынан шыққан балалар; бала кезінен мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан балалар, І, ІІ топтағы мүгедектерге оқуға қабылдау квотасын беруді көздейтін норма енгізілді», - деп жазды ол Telegram каналында.

Оның айтуынша, 2021 жылы алғаш рет азаматтардың үш жаңа әлеуметтік санатына гранттар берілген.

«ҚР Білім және ғылым министрінің 13 тамыздағы бұйрығы бойынша мемлекеттік білім гранттары 50 192 талапкерге, оның ішінде жетімдерге – 386 грант, мүгедектерге – 303, көп балалы отбасылардан шыққан балаларға – 3494, толық емес отбасылардан шыққан балаларға – 964, бала кезінен мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасынан шыққан балаларға, бірінші және екінші топтағы мүгедектерге – 354 грант берілді»,- деді Ерлан Қарин.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT