+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Ұлттық қауіпсіздіктің жаңа стратегиясы негізгі сын-қатерлерге назар аударады - Манарбек Қабазиев

2021 жылғы 22 маусым 00:36
Бөлісіңіз:
Ұлттық қауіпсіздіктің жаңа стратегиясы негізгі сын-қатерлерге назар аударады - Манарбек Қабазиев

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық қауіпсіздіктің жаңа стратегиясы алдағы бес жылда күтілетін негізгі сын-қатерлерге назар аударады. «Сыртқы саяси зерттеулер институты» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Манарбек Қабазиев осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сарапшының айтуынша, ҚР Ұлттық қауіпсіздігінің 2021-2025 жылдарға арналған жаңа стратегиясында әлемде болып жатқан және Қазақстанның мүдделері тұрғысынан өзекті барлық өзгерістер көрініс тапқан.

«Қазақстан Республикасының 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық қауіпсіздік стратегиясында Тұңғыш Президент биылғы ақпанда Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында белгілеген ұлттық мүдделерді қорғаудың тұжырымдамалық, жаңартылған тәсілдері бар. Стратегия алдағы бес жылда күтілетін негізгі сынақтарға назар аударады. Қазір де көптеген елдер аймақтық және ішкі жағдайлардың өзгеруіне қарай, өздерінің ұлттық қауіпсіздік стратегияларын қайта қарап жатыр», - деді М. Қабазиев.

Сарапшының айтуынша, Стратегия өткен жылы басталған коронавирус пандемиясын және жалпы биологиялық қауіпсіздік мәселелерін жалғастыруды көздейді. Сондай-ақ Стратегияда әлеуметтік саланың, ақпараттық қауіпсіздіктің, киберқауіпсіздіктің аса маңызды мәселелері көрсетілген. Құжатта әлемдік нарықтардағы дағдарыс оқиғалары, оның ішінде қаржылық құбылыстар және олардың Қазақстан экономикасына әсері ескерілген.

М.Қабазиев атап өткендей, құжатта азаматтардың, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігі бірінші орынға қойылған. Ұлттық қауіпсіздіктің жаңа стратегиясын қабылдау – ең алдымен, адами капиталдың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді көздейтін уақытылы және маңызды қадам болды. Экологиялық қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударылған.

«Сонымен бірге, осындай деңгейдегі құжаттарда қорғаныс қабілеті мәселелеріне әрқашан бірінші кезекте мән беріледі. Жаңа стратегияда жаңа өңірлік және жаһандық сын-қатерлер, оның ішінде гибридтік және ассиметриялық сынақтар да көрініс тапқан», - дейді сарапшы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT