+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 465.73
RUB 5.79 CNY 58.91
Jańalyqtar

Ұлттық қауіпсіздік комитеті екі қылмыстық топтың жолын кесті

2020 жылғы 27 мамыр 19:56
Бөлісіңіз:
Ұлттық қауіпсіздік комитеті екі қылмыстық топтың жолын кесті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласы мен Алматы облысында ҚР ІІМ-мен бірлесіп жүргізген арнайы операция нәтижесінде бір-біріне қарсы екі ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесті, деп хабарлайды аталған ведомствоның баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар
Оралда екі әйел пышақ жарақатымен ауруханаға жеткізілді Алматы облысының тұрғыны қонаққа келген тұрғынның көлігін ұрлап, апатқа ұшырады ШҚО тұрғыны марал атқан

Қылмыстық топ мүшелерінің бірқатар ауыр және аса ауыр қылмыстарға қатысы бар. Қылмыстық әрекеттер атыс қаруын қолдана отырып, аса өктемдікпен жасалған.

Екі ҰҚТ-ның белсенді мүшелерінің жалпы саны 30 адамға жеткен. Олардың арасында бұрын сотталған адамдар бар, кейбіреулері «ұрылар» идеологиясын ұстанып, трансұлттық қылмыстық қоғамдастықтардың жетекшілерімен байланыста болған.

Фигуранттардың тұрғылықты жерлері бойынша тінту барысында 11 бірлік әртүрлі қару түрлері, 200-ден артық оқ-дәрілер алынды.

Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторларына қамалды, бұлтартпау шарасын таңдау туралы мәселе шешілуде.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT