Ұлттық қауіпсіздік комитеті екі айда 40-тан аса қару-жарақ тәркіледі

None
Фото: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сәуір және мамыр айларында Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция және прокуратура органдарымен бірге қарудың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл бойынша бірқатар жедел іздестіру шараларын жүргізді. Табылған қару-жарақтың ішінде Қаңтар кезінде ұрланғандары да бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нәтижесінде 42 қару («МР-40» автоматы, «Драгунов» снайперлік винтовкасы, 22 мылтық, 18 тапанша), 8 граната, РПГ-ның 2 снаряды, 4051 түрлі калибрлі оқ-дәрі, сонымен қатар броньды қорғаныс кеудешелер, автоматтардың оқжатары, радиостанциялар және пышақтар тәркіленді.

Бұл фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Заңсыз айналымда жүрген қару-жарақты іздестіру мен тәркілеу іс-шаралары жалғасуда.


Соңғы жаңалықтар