Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ақтөбеде арнайы операция өткізіп жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің баспасөз хатшысы Әрсен Бектасов Ақтөбеде болып жатқан арнайы операция туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазіргі уақытта ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ақтөбенің мұнай өңдеу зауыты аумағында арнайы операция өткізіп жатыр. Күдіктілерді ұстау қаланың кейбір жерлерінде жүргізіліп жатыр. Бүгінгі күні Ақтөбеде жүргізіліп жатқан күдіктілерді ұстау бойынша арнайы операцияның мақсаты мен міндеті жарияланбай отыр. Аталмыш жұмыстардың жай-жапсары ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті жүргізіп отырған арнайы операция аяқталғаннан кейін берілетін болады», - деді ол ҚазАқпарат тілшісіне берген жауабында.

Соңғы жаңалықтар