Ұлттық кәсіпкерлер палатасын құру бір жылға созылады - Б. Сағынтаев

None
None
АСТАНА. 12 маусым. ҚазАқпарат - Ұлттық кәсіпкерлер палатасын құру және жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін бір жылдық құрылу кезеңі бекітіледі. Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» заң жобасы бойынша баяндама жасаған ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары-Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаев осылай мәлім етті.

«Ұлттық палатаның құрылтайшылар құрамына Үкіметпен және заңмен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес келетін республикалық қауымдастықтар кіреді. Бұл ретте Ұлттық палатаның Төралқасы құрылтайшылардың бірлескен шешімі бойынша қалыптасады. Оның құрамына Үкімет өкілдері мен қоғам қайраткерлері, аккредиттелген қауымдастықтар, өңірлік кеңес төрағалары енеді», дейді Б. Сағынтаев.

Оның айтуынша, бір жылдың ішінде ұйымдастыру іс шаралары аяқталып, Палатаның атқарушылық органдарының барлық құрылымы құрылатын болады. Бұдан соң, Ұлттық кәсіпкерлер палатасын құрудың келесі кезеңі бес жылға дейін жалғасатын өтпелі кезең болмақ. «Дегенмен, іс жүзінде Ұлттық палатаның өкілдік ету органдарының демократиялы сайлауға өтуі үшін негіз толық қаланғанда, өтпелі кезең бұл мерзімнен ерте аяқталуы мүмкін», дейді министр.

Соңғы жаңалықтар