Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Үкіметтің сенімді және білікті серіктесіне айналады - Б. Сағынтаев

None
None
АСТАНА. 12 маусым. ҚазАқпарат - Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Үкіметтің сенімді әрі білікті серіктесіне айналады.

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» заң жобасы бойынша баяндама жасаған ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаев осылай мәлім етті .

Оның айтуынша, Үкімет «Атамекен» одағымен бірлесіп, Ұлттық кәсіпкерлер палатасына міндетті мүшеліктің тұжырымдамалық үлгісін әзірлеген. «Аталған үлгі кәсіби техникалық білім, әсіресе ауылдық өңірлер мен моноқалалардағы шағын бизнесті кешенді сервистік қолдау, сыртқы экономикалық қызмет салаларында мемлекеттік органдардың кең өкілеттіктері мен функциялары құрылатын Ұлттық кәсіпкерлер палатасына беруді қарастырады. Осылайша, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Үкіметтің сенімді және білікті серіктесіне айналатын болады», деді Б. Сағынтаев.

Сонымен қатар, Үкімет басшысының орынбасары Ұлттық кәсіпкерлер палатасының континентальдық (еуропалық) үлгісі қалыптасатынына, ол кәсіпкерлердің жалпыға бірдей мүшелігіне негізделгеніне тоқталды. Оның айтуынша, аталмыш үлгі Франция мен Германияда дүниеге келіп, қазір көптеген еуропалық елдерде табысты іске асып келеді.

Соңғы жаңалықтар