Ұлттық кәсіпкерлер палатасы еуропалық үлгіде қалыптасады - Б. Сағынтаев

None
None
АСТАНА. 27 маусым. ҚазАқпарат - Ұлттық кәсіпкерлер палатасы континентальдық, яғни еуропалық үлгіде қалыптасатын болады.

Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасындағы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» заң жобасы бойынша баяндама жасаған ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары-Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаев осылай мәлім етті.

Үкімет басшысы орынбасарының айтуынша, Үкімет «Атамекен» одағымен бірлесіп, Ұлттық кәсіпкерлер палатасына міндетті мүшеліктің тұжырымдамалық үлгісін әзірлеген. Соған орай, алдағы уақытта Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Үкіметтің сенімді әрі білікті серіктесіне айналады. «Аталған үлгі кәсіби техникалық білім, әсіресе ауылдық өңірлер мен моноқалалардағы шағын бизнесті кешенді сервистік қолдау, сыртқы экономикалық қызмет салаларында мемлекеттік органдардың кең өкілеттіктері мен функциялары құрылатын Ұлттық кәсіпкерлер палатасына беруді қарастырады. Осылайша, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Үкіметтің сенімді және білікті серіктесіне айналатын болады», деді Б. Сағынтаев.

Оның айтуына қарағанда, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы континентальдық (еуропалық) үлгіде қалыптаспақ. Бұл кәсіпкерлердің жалпыға бірдей мүшелігіне негізделеді. «Аталмыш үлгі Франция мен Германияда дүниеге келіп, қазір көптеген еуропалық елдерде табысты іске асып келеді», дейді министр.

Соңғы жаңалықтар