Ұлттық холдингтер қоғам алдында есеп береді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов «Ауыл - ел бесігі» жобасы мен тиімді мемлекеттік басқару жүйесін жолға қою жұмыстары қалай жүргізілетінін баян етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ауыл - ел бесігі» жобасы мақсаты: ауыл өмірінің сапасын жақсарту, қажетті әлеуметтік игіліктерге қол жеткізу, ауылдық аумақтарды жаңғырту. Біз осы жылы өңірлік стандарттарды енгіземіз. Әрбір ауыл, шағын қалалар минималды стандартқа жақындайды: яғни, ол ауылдарда мәдени нысандар, медпункттер, жолдар, мектептер салынады. Тірек ауылдар (аудан орталықтары) мен оған жақын орналасқан ауылдар іріктеледі. Біздің міндетіміз - 2025 жылға дейін жоба арқылы 6,5 млн ауыл тұрғынын жақсартылған инфрақұрылыммен қамту», - деді Руслан Дәленов Үкіметтің баспасөз орталығында.

Министрдің айтуына қарағанда, Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы әзірленеді. Бағдарламаның негізгі міндеті - өмір сүру сапасын моноқалалардағы, тірек ауылдардағы, функионалдық қалалық аудандардағы коммуналдық инфрақұрылымды дамыту арқылы жақсарту.

«Бағдарлама шеңберінде өңірлер арасындағы жан басына шаққандағы Ішкі өңірлік өнім алшақтығын 2,8 есе азайту жоспарланып отыр», - деді ол.

Руслан Дәленов сонымен қатар, тиімді мемлекеттік басқару саласын қандай өзгерістер күтіп тұрғанын баяндады.

«Біз мемлекеттік басқаруды жақсарту жұмыстарын тұрақты жүргіземіз. Бірінші кезекте, бұл дегеніміз бюджеттік қаражаттың пайдаланылуы жөнінде халық алдында есеп берушілікті арттыру мақсатында жүргізіледі. Сондай-ақ, ұлттық холдингтер мен компаниялардың қоғам алдында есеп беруі мен бақылауға алу механизмі әзірленеді. Бюджет нәтижеге барынша бағдарланады», - деп түйді Дәленов.

Соңғы жаңалықтар