+7 (701) 759 90 19
USD 435.76 EUR 493.41
RUB 5.89 CNY 68.37
Jańalyqtar

Ұлттық халық санағынан 8,4 млн азамат өтті

2021 жылғы 12 қазан 08:28
Бөлісіңіз:
Ұлттық халық санағынан 8,4 млн азамат өтті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда бүгінге дейін санақтан онлайн өткендер саны – 7 045 196 адам, оффлайн қатысқандар – 1 445 204 адамды құрайды. ҚазАқпарат бұл туралы ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
Коронавирус жұқтырған 126 пациенттің жағдайы өте ауыр - министрлік Пәтерлер шағын: ҚР-да халықтың 26% бес және одан да көп адам болып тұрады

Ұлттық халық санағы басталған алғашқы екі аптада (1-15 қыркүйек аралығы) онлайн сауалнамаға 3 млн қазақстандық қатысса, 11 қазан сағат 10:00-дегі жағдай бойынша, көрсеткіш 7 045 196 респондентті құрады. Олардың 6 040 911-і sanaq.gov.kz сайтында, 700 972 адам Egov порталында тіркелу арқылы, 303 313 адам санаққа Аitu қосымшасы арқылы қатысты.

Онлайн санақтан өткендер саны бойынша Түркістан облысы алда. Мұнда 913 074 тұрғын санақтан өткені жайлы хабарлама алған. Онлайн санақтан өткен 746 343 адам Алматы облысында тіркелген. Үздік үштікті Шығыс Қазақстан облысы түйіндеді. Мұнда 707 384 адам санақ сауалдарына жауап берді.

Онлайн санақтан өту көрсеткіші бойынша әзірге соңғы екі орынды Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстары тұр. Бұл өңірлерде сәйкесінше 215464 және 165749 адам сауалнамаға қатысты.

Ал, жергілікті халық санына шаққандағы санақтан өткендердің үлесі бойынша Шығыс Қазақстан облысы алда келеді. Мұнда азаматтардың 52% сауалдарға жауап берген (1 тамыздағы жағдай бойынша өңірде 1361163 адам тіркелген). Бұл көрсеткіш бойынша Қызылорда облысы екінші орында тұр. Мұнда тұрғындардың 51,1% бүгінге дейін санақтан онлайн режимде өткен (1 тамыздағы жағдай бойынша өңірде 823052 адам тіркелген).

Еске салайық, 1 қазаннан бастап интервьюерлер үйлерді жаппай аралауды бастаған еді. 10 күннің қорытындысы бойынша офлайн санақпен еліміздің 1 445 204 тұрғыны қамтылған.

Айта кетейік, онлайн санақтан қазанның 15-іне дейін өтуге мүмкіндік бар. Онлайн санақтан тек үйде ғана емес, ел бойынша ашылған 3 мыңнан аса «санақ бұрыштарында» өтуге болады. Олар Халыққа қызмет көрсету орталықтары, «Қазпочта» филиалдары мен сауда, ойын-сауық орталықтарында орналасқан.

Онлайн санақтан өтпегендер 30 қазанға дейін интервьюерлердің сауалдарына жауап бере алады. Барлық сауалдар бойынша 1446 телефон номеріне хабарласуға болады. Қоңырау шалу – тегін.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT