Ұлттық халық санағына педагогтар жұмылдырыла ма

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық халық санағына педагогтар арнайы жұмылдырылмайды. Бұл туралы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ұлттық халық санағына тартылған 32 мың адамның ешқайсы да педагог емес. Біз арнайы педагогтарды жұмысқа тартуды көздеген жоқпыз. Бірақ, педагог жұмысынан бос болса немесе еңбек демалысында жүрсе, онда ол халық санағын өткізуге қатысуға және сол үшін еңбекақы алуға құқылы. Заңмен шектеу қойылмаған. Жалпы, бюджеттік мекеме қызметкерлерін халық санағына жұмылдырмаймыз», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында.

Оның нақтылауынша, Ұлттық халық санағын жүргізуге 32 300 адам жұмылдырылады. Олардың әрқайсысы 833 адамды санақтан өткізуі керек болады. Сол үшін оларға 109 мың теңге еңбекақы төленеді. Жалпы ұлттық халық санағына бөлінген қаражат 9,1 млрд теңгені құрайды. Бұл қаражат 19 млн 51 мың адамға есептелінген. 1 адамға 1,1 АҚШ долларынан айналады.


Соңғы жаңалықтар