Ұлттық халық санағын жүргізуге қанша қаржы бөлінді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық халық санағын өткізуге бюджеттен 8,2 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2018 жылдан бастап 2022 жыл аралығында Қазақстан Республикасының Ұлттық халық санағына дайындық және өткізу үшін Комитетке 8 млрд 211 млн теңге сомасында қаржы қарастырылған. Салыстырып айтатын болсақ, 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халық санағының бюджеті 6,5 млрд теңгені құрады. 2009 жылғы халық санағын өткізу кезінде бір адамға шаққандағы шығындар - 2,9 АҚШ долларын құраса, 2020 жылы - 1,2 АҚШ долларын құрайды. Ал 2020 жылғы Ресей Федерациясы халық санағының бюджеті 50 млрд рубль болды. Ресейде санақ өткізу кезіндегі бір адамға шаққандағы шығындар – 3,6 АҚШ долларын құрайды- дейді ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің төрағасы Нұрболат Айдапкелов.

Сондай-ақ, комитет төрағасы Ұлттық халық санағы үшін бюджеттен бөлінетін қаржы қайда және қалай жұмсалатыны туралы айтты.

«Бюджеттің негізгі бөлігі 3 млрд 7 млн теңге интервьюерлердің еңбегіне төленеді. Онайн ресурс пен ақпараттық жүйеге де қаржы кетті. Одан кейін әрбір облыс орталықтарында санақ жүргізу бөлімдерін аштық. Содан кейін, аудан, ауылдарда санақ жүргізу үшін көлік жалдайтын боламыз. Сондай-ақ, шамамен 1 млрд теңгеге планшеттер, сумкалар, шарфтар сатып алдық. Бұл туралы мәліметтер сайтта ашық көрсетілген», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар