+7 (701) 759 90 19
USD 384.63 EUR 427.98
RUB 6.08 CNY 54.68
Jańalyqtar

Ұлттық ғылыми кеңестер туралы қаулыға өзгерістер енгізілді

2018 жылғы 5 шілде 18:09
Бөлісіңіз:

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Ұлттық ғылыми кеңестер туралы" 2011 жылғы 16 мамырдағы № 519 және "Ұлттық ғылыми кеңестердің құрамын бекіту туралы" 2011 жылғы 12 шілдедегі № 785 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы қаулысы шықты. Осыған орай ҚазАқпарат құжаттың толық мәтінін жариялайды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Ұлттық ғылыми кеңестер туралы" 2011 жылғы 16 мамырдағы № 519 және "Ұлттық ғылыми кеңестердің құрамын бекіту туралы" 2011 жылғы 12 шілдедегі № 785 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 4 шілдедегі № 407 қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) "Ұлттық ғылыми кеңестер туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 16 мамырдағы № 519 қаулысында(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 38, 468-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген ұлттық ғылыми кеңестердің тізбесінде:

7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

"7) "Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс" ғылым бағыты бойынша ұлттық ғылыми кеңес.";

2) "Ұлттық ғылыми кеңестердің құрамын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 шілдедегі № 785 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген ұлттық ғылыми кеңестердің құрамында:

"Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс (құпиялық белгісінсіз)" деген бөлімнің атауы мынадай редакцияда жазылсын:

"Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс".

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі

Б. Сағынтаев

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Заң, Қаулы,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT