USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Ұлттық геологиялық қызмет құрылады – Мағзұм Мырзағалиев

2021 жылғы 2 қыркүйек 11:00
Бөлісіңіз:
Ұлттық геологиялық қызмет құрылады – Мағзұм Мырзағалиев

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық геологиялық қызмет құрылады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Президент халықаралық инвесторларға: Біздің «ашық есік» саясатымыз өзгермейді Болашағын Қазақстанмен байланыстыратындар қаржысын ел ішінде инвестицияласын - экономист Ақтөбеде 1,5 трлн теңге инвестиция тартылмақ

«Қазақстан бірегей минералды шикізат базасына ие. Бүгінгі таңда, минералды шикізат базасы дамыған елдер геология мен жер қойнауын пайдалануға инвестиция тарту үшін жағдай жасауда. Бұл бағытта белсенді жұмыс жүргізуде. Инвестиция тартудың негізі деп жоғары сапалы геологиялық ақпаратты айта аламыз. Осыған байланысты, Ұлттық геологиялық қызмет құрылатын болады», - деді министр.

Мағзұм Мырзағалиевтің атап өтуінше, аталған қызмет «бірыңғай терезе» қағидаты негізінде жұмыс жасайды.

Оның нәтижесінде инвестор заманауи форматтағы жер қойнауының үш өлшемді моделі құрылған сапалы ақпаратпен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, іргелі, қолданбалы ғылым мен өндіріс күшін біріктіруге мүмкіндік алады», - деді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT