USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығына жаңа басшы келді

2020 жылғы 9 қаңтар 13:43
Бөлісіңіз:
Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығына жаңа басшы келді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы болып Марат Нұрғожин тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Азамат Батырқожа жаңа басшыны ұжыммен таныстырды.

Нұрғожин Марат Рахмалыұлы 1957 жылы 30 маусымда дүниеге келген. Техника ғылымдарының докторы. Бауман атындағы Мәскеу жоғары техникалық училищесін бітірген. Профессор, Халықаралық ақпараттандыру академиясының және ҚР Инженерлік академиясының академигі.

Еңбек жолын 1980 жылы бастаған. Әр жылдары Қарағанды политехникалық институтында, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде, Білім және ғылым министрлігінде, «Самғау» Ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ-да, «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясы» АҚ-да жұмыс істеді.


2016-2019 жылдар аралығында қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі лауазымында қызмет атқарды. Соңғы тағайындауға дейін ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі.

Осы уақытқа дейін «ҰҒЗТО» АҚ Басқарма төрағасының лауазымын атқарған Омаров Шыңғыс В.Г. Фесенков атындағы астрофизика институтының директоры болып тағайындалды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT