USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

Ұлттық экономика вице-министрі қызметінен босатылды

2022 жылғы 14 қаңтар 15:03
Бөлісіңіз:
Ұлттық экономика вице-министрі қызметінен босатылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Айгүл Амантайқызы Шайымова басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының ұлттық экономика вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
Марат Бекетаев ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі болып тағайындалды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі тағайындалды Педагог тапшы өңірлерге барған мамандардың айлығы басқа коэффицентпен есептеледі

А. Шайымова 1979 жылы Целиноград облысында дүниеге келген. Л. Гумилев атындағы Еуразия университетін, Қаржы полициясы академиясын, РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын тәмамдаған. Әр жылдары ҚР Қаржы полициясы агенттігінде, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінде, ҚР Бас прокуратурасында жұмыс істеді. 2016 жылғы қыркүйек айынан бастап 2019 жылғы шілдеге дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары қызметін атқарды. 2019 жылғы шілдеден бастап Мәдина Серікқызы Жүнісбекованың оқу демалысы кезеңінде Қазақстан Республикасы ұлттық экономика вице-министрі қызметін атқарды. 2020 жылғы шілде айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР ұлттық экономика вице-министрі қызметін атқарды.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT