Ұлттық экономика вице-министрі Ілияс Өсеров 2 ай үйқамақта болады

None
Фото: primeminister.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат – Алматы қаласының соты ұсталған Ұлттық экономика министрінің орынбасары Ілияс Өсеровті 2 ай мерзімге үйқамаққа алу туралы шешім шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Алматы сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«10 сәуірде Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен күдікті І. Өсеровке қатысты 2 ай мерзімге үй қамағына алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы Алматы қаласы прокурорының орынбасары келіскен өтініш келіп түсті», - делінген хабарламада.

«Өтініш қанағаттандырылды. Күдіктіге қатысты екі ай мерзімге, яғни 2023 жылғы 10 маусымға дейін бұлтартпау шарасы қолданылды», - дейді соттан.

Бұған дейін хабарлағанымыздай Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі Ұлттық экономика вице-министрі Ілияс Өсеровтің ұсталғанын растаған еді.


Соңғы жаңалықтар