Ұлттық экономика министрлігіне қосымша міндет жүктеледі

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Ұлттық экономика министрлігіне қосымша функция берілуі ықтимал. Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысында жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құжатта көрсетілгендей, енді ведомствоға мына функция беріледі:

- бірыңғай төлемді, бірыңғай төлем бойынша өсімпұлды төлеу, аудару және оны жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдер (міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын қоспағанда) түрінде бөлу, сондай-ақ оларды қайтару қағидаларын келісу.

«Салық кодексінің 776-4-бабының 6-тармағына сәйкес, бірыңғай төлемді, бірыңғай төлем бойынша өсімпұлды төлеу, аудару және оны жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдер (міндетті кәсіби зейнетақы жарналарын қоспағанда), өсімпұл түрінде бөлу, сондай-ақ оларды қайтару ҚР Ұлттық банкі, уәкілетті органмен, сондай-ақ мемлекеттік жоспарлау жөніндегі, денсаулық сақтау саласындағы және цифрлық даму саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен келісу бойынша әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады», - деп түсіндірме берілген Үкімет қаулысының жобасына.

Құжат 3 мамырға дейін көпшілік талқылауда болады.

Қоса кетсек, бұған дейін Төтенше жағдайлар министрлігіне бірқатар қосымша құзырет берілуі мүмкін екенін жазып едік.


Соңғы жаңалықтар