Ұлттық экономика министрлігі вице-министрдің ұсталғаны туралы ақпаратты анықтап жатыр

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Ұлттық экономика министрлігі вице-министр Ілияс Өсеровтың қамауға алынғаны туралы ақпаратты анықтап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әріптестер! Ұлттық экономика вице-министрі Ілияс Өсеров «қамауға алынды» деген ақпарат тексеріліп жатыр. Осыған байланысты ресми ақпаратты күтулеріңізді сұраймын», - деп жауап берді Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз хатшысы Ерлан Сисенов.

Бұған дейін Orda.kz сайты Ілияс Өсеровтың аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады деген күдікпен үй қамағына алынғанын хабарлаған еді.

Айта кетейік, І. Өсеров 2019 жылғы мамырдан 2022 жылғы наурызға дейін Алматы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді, содан кейін 2022 жылғы наурызда Ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды.


Соңғы жаңалықтар