Ұлттық экономика министрлігі мемлекеттік қарызға қатысты түсінік берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Мәди Такиев мемлекеттік қарызға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында төтенше жағдай кезеңінде Қазақстанның мемлекеттік қарызы мен квазимемлекеттік сектор берешегі қаншалықты өскені туралы сұрақ қойылды.

«Бүгінде Қазақстанның мемлекеттік қарызы әлемде ең төменгі деңгейдегілердің қатарына кіреді. 1 сәуірдегі жағдай бойынша оның көлемі жалпы ішкі өнімге шаққанда 25 пайыз шамасында, яғни ол белгіленген параметрде және қауіпсіз деңгейде. Барлық ковенанттар орындалған әрі тиісті нормалар шегі ескерілген», - деді М. Тәкиев онлайн баспасөз мәслихатында.

Осы орайда ол мемлекеттік қарыз жағдайы тиісті бақылауда екенін атап өтті.


Соңғы жаңалықтар