Ұлттық экономика министрлігі 2020 жылғы ЖІӨ-ге болжам жасады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылдың қорытындысында Қазақстан жалпы ішкі өнімі аздап өсім көрсетуі мүмкін. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Мәди Тәкиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өздеріңіз де білесіздер, экономика болжамы сәуір айының басында нақтыланған еді. Сол кезде біз консервативті болжам жасап, барынша орташа мәліметтерді қабылдаған едік. Қазіргі уақытта коронавирус індетіне, сауда соғыстарына, протекционизмге және энергия ресурстарына бағаның айтарлықтай құлдырауына байланысты соңғы ғасырдың ішінде алғаш рет әлемдік экономиканың қатты қысқаруы байқалады. Осы жылдың 5 айының қорытындысында бізде қызмет көрсету секторы 6,2 пайызға төмендеді. Тауарлар өндірісі оң қарқын сақтап отыр. Өндірістік сектордағы өсім 4,8 пайызды құрайды. Бұл 5 айдың қорытындысындағы нақты сандар», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.

Оның атап өтуінше, 2 аптаға енгізілген шектеу шаралары экономикалық тұрғыда алғанда төтенше жағдай режимі кезіндегі шаралардан өзгеше болып келеді. Яғни, темір жол, әуе тасымалы, жүк тасымалы, құрылыс жұмыстары жалғасып, шағын азық-түлікемес дүкендері де жұмысын жалғастырады.

«Толықтай алғанда қызмет көрсету секторы алдағы уақытта тіртіндеп қарқын ала бастайды. Өндіріс секторының да жоғары қарқыны орын алып отыр. Бүгінгі жалпы ішкі өнім - 0,9 пайызды құрайды. Бірақ, жыл соңында аздаған оң өсімге шығамыз деп жорамалдауға негіз бар», - деді ҚР Ұлттық экономика вице-министрі.


Соңғы жаңалықтар