+7 (701) 759 90 19
USD 425.05 EUR 509.29
RUB 5.58 CNY 64.66
Jańalyqtar

Ұлттық экономика министрі мұнай бағасына түсінік берді

2020 жылғы 29 қазан 10:40
Бөлісіңіз:
Ұлттық экономика министрі мұнай бағасына түсінік берді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Сенатының жалпы отырысында Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов 2020 жылға арналған нақтыланған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Болжамды нақтылауынын негізгі факторлары мыналар: бұл – 2019 жылғы жалпы ішкі өнім бойынша өзектендірілген есептік деректер, биылғы жыл басынан бергі жедел деректер, мұнай өндірудің жоспарын түзету, сондай-ақ әлемдік нарықтағы мұнайдың бағалануы.

«Яғни, 2019 жылғы өзектендірілген жалпы ішкі өнім көлемі 0,9 трлн теңгеге артып, 69,5 трлн теңгені құрады. Бұл ағымдағы жылғы болжамды есептеу базасын ұлғайтты. Сонымен бірге, болжамда экономиканың нақты секторындағы, қызмет көрсету саласындағы үрдістері мен мұнай бағасының конъюнктурасы ескерілді. Әлемдік экономика өсімі Халықаралық ұйымдардың консенсус-болжамы бойынша биыл минус 5 пайызды құрайды, ал 2021 жылда өсім күтілуде», - деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, халықаралық ұйымдар Қазақстан экономикасының нақты өсімін биылғы минус 2,3 пайыздан минус 2 пайыз аралығында бағалайды. Келесі жылға тұрақты өсімді болжап отыр.

«Экономика секторларының ағымдағы үрдістерін ескере отырып, біздің бағалауымыз бойынша, 2020 жылғы нақты жалпы ішкі өнімнің өсімі минус 2,1 пайызды құрайды. 2020 жылы номиналды жалпы ішкі өнім 69,8 трлн теңге көлемінде бағалануда. Ол бұрын нақтыланған көрсеткіштен 102 млрд теңгеге жоғары. Бұл 2019 жылғы базалық көрсеткіштердің өсуімен байланысты», - деді Р. Дәленов.

Оның айтуынша, мұнайдың есептік бағасын ескере отырып, болжамдық бағаны 20 доллардан 40 долларға дейін арттыру ұсынылады. Қаңтар-қыркүйекте мұнайдың орташа бағасы бір баррелге 42 долларды құрады. Нақтыланған жоспар бойынша мұнай өндіру көлемі 85 млн тоннаны құрайды. Тауарлар экспорты 45,5 млрд долларға дейін артады, импорт 33,8 млрд долларды құрайды. Осылайша, оң сауда теңгерімі 3,2 млрд-қа ұлғайып, 11,7 млрд доллар көлемінде болжануда», - деді ведомство басшысы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT