Ұлттық экономика министрі қарқынды өсім байқалған салаларды атады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов биылғы қаңтар-қарашадағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысын баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қарашаның қорытындысы бойынша экономикалық серпін қазан айына қарағанда неғұрлым жоғары. Оң тренд байқалады. Есепті кезеңде Қазақстан экономикасында келесі үрдістер байқалып отыр. Құрылыс және өңдеу өнеркәсібі салалары серпінді өсуді көрсетті. Қызмет көрсету секторында іскерлік белсенділік жақсаруда, сондай-ақ ұзақ пайдаланылатын тауарларға сұраныс қалпына келе бастады», - деді Р. Дәленов Үкімет отырысында.

Министрдің айтуынша, нақты сектордың өсуі 2%-ке дейін жеделдеді. Қызмет көрсету саласының өсу қарқыны минус 5,9%-ке дейін жақсарды. Нәтижесінде, жалпы ішкі өнімнің өсуі минус 2,8% деңгейінде қалыптасты. Жылдық инфляция 7,3%-ті құрады.

«Кен өндіру өнеркәсібін есепке алмағанда, инвестициялар 17,3%-ке өсті. Инвестициялардың елеулі көлемі тұрғын үй құрылысына, көлік, өңдеу өнеркәсібі, оның ішінде азық-түлік өнімдері, ауыл шаруашылығы салаларына тартылды. Экономиканы кредиттеу жыл басымен салыстырғанда 4,2%-ке ұлғайды. Кредиттердің ең жоғары өсуі байланыс, құрылыс, ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп салаларында байқалады. Шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу 8,9%-ке ұлғайды», - деді Ұлттық экономика министрі.


Соңғы жаңалықтар