Ұлттық экономика министрі 10 жыл бойы ипотеканы қалай төлегенін айтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов 10 жыл бойы ипотекалық қарызын жапқан кезде қиналғанын айтты. Бұл жайында ол Парламент Сенатында Жастар жылын өткізу аясындағы мақсаттарға арналған дөңгелек үстелде сөз еткен болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өткен жылы ипотекалық несие бойынша 10 жылдық төлем мерзімін аяқтадым, яғни 2008 жылы несиені алған болатынмын. Бұл төлем айтарлықтай ауыртпалық түсіретінін білемін. Осы орайда жастарға тиісті үндеу жасағым келеді. Үнемі өзіңнің мүмкіндігіңе қарай шамалап, есептеу жүргізу керек. Бізде арендалық баспана бар. Мәселен, біз ділімізді ескере отырып, жеке баспана алуға тырысамыз. Біріншіден, адам баспанаға қатты байланып қалады және төлемнің орта кезіне жеткенде адам осыдан психологиялық тұрғыда қалжырайды. Өйткені бір айдағы табыстың басым бөлігін ипотекаға бересіз. Сондықтан бұған басқаша көзқарас болған жөн. Еңбек мобильдігін ескере отырып, яғни бүгін Атырауда болсаң, ертең Павлодарда, кейіннен Алматыға қоныстануың мүмкін. Бұл ретте арендалық баспанаға басқаша көзқарас қалыптастыру керек», - деді Тимур Сүлейменов.

Оның пайымынша, баспана мәселесінде тек ипотекаға қараудың реті жоқ.

«Ипотеканы мүмкіндігінше арзандатуға болады. Алайда қарыз алған адамдар өздерінің мүмкіндіктерін дұрыс есептей алмай, кейіннен қиын жағдайға тап болуы ықтимал», - деді министр.

Соңғы жаңалықтар