Ұлттық домбыра орталығы құрыла ма

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық домбыра орталығын құру мәселесі қосымша пысықтауды талап етеді. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазақ өнерін дамыту мақсатында еліміздің түпкір-түпкірінде көптеген ұлттық аспаптар ұжымдары қызмет етіп, әртүрлі байқаулар мен фестивальдар тұрақты өткізіліп жатыр. Халық аспаптарының оркестрлері Қазақстанның әр аумағында жұмыс жасайды. Мұндай ұжымдардың қызметі қазақ салт-дәстүрлерінің ұмытылмауының кепілі», - деді Үкімет басшысының орынбасары жауабында.

Вице-премьердің атап өтуінше, елордада Мемлекеттік академиялық филармониясында қазақ оркестрі, «Сарыарқа» фольклорлық ансамблі, «Қорқыт» этно-ансамбльдері, Алматы облысында Сүйінбай атындағы облыстық филармониясында домбырашылар ұжымы мен «Алатау әуендері» концерттік бірлестігі, Ақтөбе облысында «Ер Едіге» жыр мектебі, Павлодар облысында Иса Байзақов атындағы облыстық филармонияда домбырашылар оркестрі, Қостанай облысында «Шаңырақ» ұлттық өнер орталығы жұмыс жасайды.

«Сонымен бірге Атырау облысында Домбыра музейін, ал Ақмола облысында жергілікті домбыра орталығын ашу көзделіп отыр. Қазіргі таңда елімізде Құрманғазы атындағы ұлттық аспаптар өркестрі және Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы, ұлттық өнер жоғары оқу орындары жұмыс жасайтынын ескере отырып, республикалық деңгейде Ұлттық домбыра орталығын құру мәселесі қосымша пысықтауды талап етеді», - деді Ералы Тоғжанов.

Соңғы жаңалықтар