ҰЛТТЫҚ ЧЕМПИОНДАР: Экспортқа бейімделген «Масло-Дел» ЖШС соңғы жартыжылдықта Қытайға 4 мың тонна өсімдік майын экспорттады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Экспортқа бейімделген «Масло-Дел» ЖШС соңғы жартыжылдықта Қытайға 4 мың тонна өсімдік майын, жалпы салмағы 34 мың тонна болатын спред, май, маргарин, майонез өнімдерін экспорттады. Жуық арада компания аспанасты еліндегі қатысын кеңейте бермек.

Қазір қазақстандық тауарды қарау мерзімін қысқарту туралы Қытайдың карантин қызметімен келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Компанияның болашақтағы бағыт-бағдары мен жеткен жетістіктері туралы бас директор Селиванов Павел айтып берді.

Оның айтуынша, кәсіпорынның өндірістік қуаты жылдан жылға артып келеді.

Биылғы 10 айда 68400 тонна өсімдік майы өңделді. Өткен жылы бұл көрсеткіш 48 605 тонна болатын.

Сүт өндірісі бойынша да компания өткен жылғымен салыстырғанда оң көрсеткіш көрсетіп отыр.

«Масло-Дел» ЖШС жыл басынан бері 27 729 тонна шикі сүтті өңдеуге жіберді. Өткен жылғыдан 1000 тоннаға артық.

Мұнай бағасының құлдырауынан туындаған әлемдік дағдарыс кезінде де аталған кәсіпорын өз секторында көшбасшылық мәртебені ұстап келеді.

«Бізде тиімді менеджмент қалыптастырылған. Кәсіпорын вертикалды интеграцияланған холдинг. Бұл тұтас өндіріс үрдісін, шикізатты өңдеу мен дайын өнімді шығаруға дейінгі процесті бақылап отыруға көмектеседі. Зауытта заманауи құрал-жабдық орнатылған. Сүт жергілікті жеткізушілермен жеткізіледі. Олардың экологиялық таза өнім әкелетініне кепілдік бере аламыз. Өйткені, біздің зауытта сертификатталған зертханалар бар. Солар арқылы ақырғы өнімнің де, шикізаттың да сапасы үнемі тексеріледі», - деді П.Селиванов.

Кәсіпорында қазір 2 мыңға жуық адам еңбек етіп отыр. Оларды оқытып, біліктілігін арттыруды кәсіпорын өз мойнына алған.

«Масло-дел» компаниясы экспортқа бейімделген. Қазірдің өзінде өз өнімін Қытай, Ауғанстан, Өзбекстан елдеріне экспорттап отыр. Соңғы жартыжылдықта Қытайға 4 мың тонна өсімдік майын, жалпы салмағы 34 мың тонна болатын спред, май, маргарин, майонез өнімдерін экспорттады. Жуық арада компания аспанасты еліндегі қатысын кеңейте бермек.

«Бәйтерек» Ұлттық холдингі жүзеге асырып отырған «Ұлттық чемпиондар» бастамасы біздің кәсіпорнымыздың одан әрі дамуына жол ашпақ», - деді П.Селиванов.

Айта кету керек, Малайзиялық модель негізінде құрылған «Ұлттық чемпиондар» жобасы елімізде бәсекеге қабілетті, экспортқа негізделген шикізаттық емес сектордың өндірісін құруға бағытталған. Халықаралық сарапшылармен бірлесіп құрылған жоба осы жылдың көктемінде іске қосылған. Бұған дейін бұл аталымға лайықты 28 компания іріктеліп алынғаны айтылған болатын. Оның ішінде 8 кәсіпорын 16 млрд теңге көлемінде қаржылық қолдауға ие болды. Ал олардан бюджетке түсетін салық түріндегі түсім 24 млрд. теңгені құрайды деп болжанып отыр.

Бағдарламаны «Бәйтерек» холдингі шетелдің әйгілі McKinsey халықаралық консалтингтік компаниясымен бірлесіп әзірледі.

Соңғы жаңалықтар