Ұлттық бюро Ақмола облысы Зеренді ауданының әкімін ұстады

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Ақмола облысы Зеренді ауданының әкімі Мереке Мұстафинді ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атап айтқанда, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарова Зеренді ауданы әкімінің ұсталуы жөніндегі ақпаратты растады. Сонымен қатар, ол бұл фактіге қатысты өзге мәліметтер алдағы уақытта ресми түрде жарияланатынын атап өтті.

Мереке Мұстафин 1978 жылы Зеренді ауданының Зеренді селосында туған. Алматы экономика және статистика академиясын, «Фемида» заң академиясы, гуманитарлық-техникалық академияны тәмамдаған. 2017 жылдың 20 желтоқсанында Зеренді ауданының әкімі қызметіне тағайындалған болатын. Оған дейін Ақмола облыстық мəслихатының тексеру комиссиясы төрағасы қызметінде болды.

Соңғы жаңалықтар