+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Ұлттық баяндама: Қазақстанда қандай салада жемқорлық көп

2021 жылғы 28 сәуір 11:11
Бөлісіңіз:
Ұлттық баяндама: Қазақстанда қандай салада жемқорлық көп

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 2017 жылдан бері жемқорлық фактілері 10,6% төмендегенін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда кәсіпкерден 14 млн теңге пара алған мәйітхананың экс-директоры сотталды Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары жемқорлығы үшін 7 жылға сотталды

Бұл туралы құзырлы органның 2020 жылы атқарылған істер туралы ұлттық баяндамасында айтылған.

«Жүйелі алдын алу жұмысының нәтижесінде, құқық қорғау органдары тіркеген сыбайлас жемқорлық фактілерінің саны 2,4%, 2017 жылмен салыстырғанда – 10,6% төмендеді.

Жемқорлық қылмыстары тіркелген ведомстволар:

- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте: 2019 жылы - 1717 факті, 2020 жылы - 1632 факті, динамика -5%;

- Ішкі істер министрлігінде: 2019 жылы – 269, 2020 жылы – 342, динамика +27%;

- Ұлттық қауіпсіздік комитетінде: 2019 жылы – 128, 2020 жылы – 89, динамика -30%;

- Прокуратура органдарында: 2019 жылы – 65, 2020 жылы – 78, динамика +20%.

- Экономикалық тергеу қызметінде: 2019 – 21, 2020 жылы – 21, динамика 0%.

Ең көп таралған сыбайлас жемқорлық қылмыстар:

- Пара алу: 2019 жылы – 649 факті, 2020 жылы– 568, динамика -12,5%;

- Пара беру: 2019 жылы – 440, 2020 жылы – 624, динамика +41,8%;

- Алаяқтық: 2019 жылы – 327, 2020 жылы – 316, динамика -3,3%

- Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе ысырап ету: 2019 жылы – 243, 2020 жылы – 268, динамика +10,3%:

- Лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану: 2019 жылы – 283; 2020 жылы – 193, динамика -31,8%

Мәлім етілгендей, былтыр сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін 1021 адам сотталды.

«2020 жылы сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін 1021 адам сотталды. Соның ішінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тіркеген фактілер бойынша 722 адам жаза арқалады. Олардың арасында 144 басшы (1 облыс әкімі, 4 облыс әкімдерінің орынбасары, министрліктің 2 жауапты хатшысы, 2 комитет төрағасы, 1 елші, 5 судья, 10 аудандық және қалалық әкім) бар», - деп жазылған ұлттық баяндамада.

Құжаттағы деректерге сүйенсек, сыбайлас жемқорлықпен күрес кезінде 25 аса ауыр және 1368 ауыр қылмыстың, 112 жүйелі сыбайлас жемқорлық фактілерінің жолы кесілген.

«Агенттік жемқорлық әрекеттің салдарынан келген 60,1 млрд теңге залалдың 50,7 млрд теңгесін өндірді. Бұл 2019 жылдың көрсеткішінен екі есе жоғары (22,7 млрд. теңге). Пара алу және жымқыру фактілері бойынша еселік айыппұл сомасы 2,8 млрд теңгені құрады. Келтірілген залалды қамтамасыз ету үшін, күдіктілердің мүлкіне 1,2 млрд теңге сомасында тыйым салынды», - делінген баяндамада.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT