Ұлттық банктың болжамды раунды: Brent мұнайының баррелі 60 доллар болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда Қазақстан Ұлттық банкі өкілдерінің қаржы сарапшыларымен кезекті кездесуі өтті. Бұл жайында Ұлттық банк баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесу барысында ҚР ҰБ Зерттеулер және статистика департаментінің директоры Виталий Тутушкин 2019 жылғы 1 наурызда Ұлттық банктегі кезекті болжамды раундтың аяқталғанын айтты.

Болжам 2019 жылғы 1-тоқсан мен 2020 жылғы 3-тоқсан аралығындағы кезеңге әзірленді.

«Осы болжамдық раунд аясында біз Brent маркалы мұнайдың бір баррелі үшін 40, 60 және 70 АҚШ доллары бағасы бойынша 3 сценарийді қарастырдық. Бағалардың ағымдағы деңгейін, сондай-ақ нарыққа қатысушылар мен халықаралық қаржы институттарының болжамдарын ескере отырып, базалық сценарий ретінде біз Brent маркалы мұнайдың бір баррелі үшін 60 АҚШ долларын қарастырдық. Сыртқы жағдайлар бойынша алғышарттар елеулі өзгерістерге ұшыраған жоқ. Сыртқы факторлар тарапынан біз сыртқы сұраныстың өсу қарқынының бәсеңдеуін күтеміз, ол сауда әріптес елдердегі инфляцияның жылдамдауына байланысты болды», - деді В.Тутушкин.

Соңғы жаңалықтар