Ұлттық Банктің таза халықаралық резервтері 27,5 млрд. АҚШ долларын құрады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Ұлттық Банктің таза халықаралық резервтері 1,3%-ға ұлғайып, 27,5 млрд. АҚШ долларын құрады. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.

«2014 жылғы қазанда Ұлттық Банктің халықаралық резервтері ұлғайды. Ұлттық Банктің жалпы халықаралық резервтері 1,1%-ға ұлғайып, 28,3 млрд. АҚШ долларын құрады. Ал, таза халықаралық резервтері 1,3%-ға ұлғайып, 27,5 млрд. АҚШ долларына жетті. Жыл басынан бергі өсім 13,7%», - делінген хабарламада.

Өсім ішкі валюта нарығында валютаны сатумен, алтынвалюта резервтерінің шоттарынан Ұлттық қордың активтерін толықтыру бойынша операциялармен және Үкіметтің сыртқы борышына қызмет көрсетумен ішінара өтелді. «Нәтижесінде таза валюта қорлары (ЕАВ) 2014 жылғы қазанда 2,6%-ға өсті, алтындағы активтер оның әлем нарықтарындағы бағасы төмендеген кезде жүргізілген операциялар нәтижесінде 2,0%-ға азайды»,- делінген.

Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылғы қазанда жалпы алғанда елдің халықаралық резервтері Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін қоса алғанда (олардың көлемі 76,8 млрд. АҚШ доллары) 0,9%-ға ұлғайып, 105,1 млрд. АҚШ долларын құрады.

Соңғы жаңалықтар