USD 434.48 EUR 492.61
RUB 5.68 CNY 68.44
Jańalyqtar

Ұлттық банктің қызметкері ретінде телефон шалатын алаяқтар көбейген

2021 жылғы 30 қараша 20:43
Бөлісіңіз:
Ұлттық банктің қызметкері ретінде телефон шалатын алаяқтар көбейген

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ұлттық банк ақша жымқыру мақсатында азаматтардың жеке деректеріне ие болу үшін Ұлттық банктің қызметкері ретінде телефон шалатын алаяқтардың көбейе бастағанын ескертеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Еліміздің 10 өңірінде күн райына байланысты ескерту жарияланды Ұлттық банк валюта нарығындағы балансты интервенция арқылы реттейді – Ерболат Досаев Әлеуметтік маңызды тауарлар бағасын реттеуге берілген 180 күн аяқталған соң не болады

«Алаяқтар телефон арқылы байланысқан кезде банк шотының нөмірлері мен несиенің бар-жоғы туралы ақпаратты сұрайды. Сонымен бірге, «техникалық мониторинг» мақсатында деген желеумен азаматтардан төлқұжат деректерін, атап айтқанда, ЖСН мәліметін білгісі келеді. Алаяқтар, сонымен қатар тексеру үшін деп шот ашуды немесе тест режімінде несие алуға өтініш беруді және үшінші тараптың шотына ақша аударуға үндейді», делінген ескертуде.

«Ұлттық банк «ақша жіберіңіз» деген электронды хат пен белгісіз нөмірден түскен қоңырауға жауап бермеуге кеңес береді.

«Белгісіз банк шотының реквизиті көрсетілген «аяқ асты ақшаға тап боласыз» деген хабарлама немесе телефон қоңырауы көбінесе алаяқтардың әрекеті болып шығады», делінген хабарламада.

Ұлттық банктің мәлімдеуінше, қаржы саласын реттеуші жеке тұлғаның шотына қызмет көрсетпейді, ақшалай есеп айырысу мен мәміле жасамайды. Онда шоттар тек қана Ұлттық банктің, екінші деңгейлі банктердің, шектеулі заңды тұлғалардың операцияларын есепке алу үшін ғана ашылады.

Ұлттық банктен «ақша аударыңыз» деген сипатта күмәнді хат келсе немесе қоңырау түссе, құқық қорғау органдарына арыздану қажет.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT