+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Ұлттық банктің халықаралық резервтері 32,9 млрд долларға жетті

2020 жылғы 9 шілде 13:36
Бөлісіңіз:
Ұлттық банктің халықаралық резервтері 32,9 млрд долларға жетті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат– ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова халықаралық резервтердің өсу себебін түсіндіріп, Ұлттық қордың валюталық активтері туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Халықаралық резервтердің көлемі жыл басымен салыстырғанда 3,9 млрд доллар немесе 13,5% өсті. Алдын ала мәліметтер бойынша, маусымның аяғында резервтер 32,9 млрд долларға жетті, бір ай ішінде резерв 1,3 млрд долларға артты. Бұл динамика алтын бағасы мен валюта активтерінің өсуімен байланысты болды. Маусым айында біз екінші деңгейлі банктердің Ұлттық банктегі шоттарына валюталық қаражаттың түсуін байқадық», - деді Әлия Молдабекова.

Оның айтуынша, алтынды резервтік актив ретінде жинақтау ағымдағы тәуекелдерді ескере отырып толықтай негізделген. АҚШ доллары әлемдік резервтік валюта мәртебесін сақтайды. Алайда, инвестициялық актив ретінде алтынға деген сұраныс артып келеді. Жыл басынан бері алтынның бағасы бір унция үшін 1521 доллардан 1800 долларға дейін немесе 18% қымбаттаған.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, Ұлттық қордың валюталық активтері маусым айында 0,75 млрд долларға төмендеп, 57,7 млрд долларды құрады.

«Трансферттерді республикалық бюджетке бөлу бойынша міндеттемелерді орындау мақсатында Ұлттық қордың активтерін шамамен 1,4 млрд доллар немесе 577 млрд теңгеге сатты», - деді Әлия Молдабекова.

Маусым айында Ұлттық қордың инвестициялық кірісі шамамен 690 млн долларды құрады.

«Маусымда мұнай нарығында оң динамика байқалды. Нәтижиесінде теңге 1,7% нығайды»,– деді ол.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, квазимемлекеттік сектордың валюта табысының бір бөлігін сату міндеттемесі осы жылдың соңына дейін ұзартылды. Міндеттеме 26 наурыздан 30 маусымға дейін енгізілген сәттен бастап міндетті сату көлемі 612 млн долларды құрады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT