Ұлттық банктің алтын-валюталық резерві наурызда 28,5 млрд. АҚШ долларына жетті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Ұлттық банктің алтын-валюталық резерві 28,5 млрд. АҚШ долларына жетті. Бұл туралы банктің төрағасы Данияр Ақышев Reuters агенттігіне берген сұхбатында айтты.

Айта кету керек, резерв наурызда 1,2 пайызға, яғни 64,3 млрд. АҚШ долларына өскен.

Наурыздың соңында елдің жалпы халықаралық резервтері 92,8 млрд долларға жеткен.

ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлағандай, өзінің сұхбатында Д.Ақышев қаңтарда базалық ставка 17 пайыз деңгейінде белгіленгенін атап өтті. Наурызда бұл меже +/- 2 дәлізбен сақталған болатын.

«Біз қаржы нарығындағы жағдайды жіті бақылап отырамыз. Базалық ставка түрлі нарық жағдайына байланысты өзгеруі ғажап емес», - деді бас банкир.

Соңғы жаңалықтар