+7 (701) 759 90 19
USD 388.70 EUR 428.70
RUB 6.08 CNY 55.46
Jańalyqtar

Ұлттық банктің алтын-валюта қоры 4 жылда ең жоғары мәніне жетті - Д.Ақышев

2016 жылғы 8 шілде 19:44
Бөлісіңіз:
Ұлттық банктің алтын-валюта қоры 4 жылда ең жоғары мәніне жетті  - Д.Ақышев

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылдың маусым айының соңында Ұлттық банктің алтын-валюта қоры 30,5 млрд. долларды құрап, 2012 жылдың шілдесінен бергі барынша жоғары мәнін көрсетті. Бұған қоса, Ұлттық қордың активтері 65,7 млрд. долларын құрады. Бұл туралы Bloomberg-ке сұхбат берген ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев мәлім етті.

Оның атап өтуінше, негізгі өсім алтын түріндегі активтерді қайта бағалаудан, сонымен бірге Үкіметтің есепшотына түсіп жатқан қаржы есебінен орын алуда.

Қаржылық реттеуші басшысы сонымен бірге интервенциялар бойынша алдын ала мәліметтермен бөлісті, деп хабарлады Ұлттық банк баспасөз қызметінен.

«Мәселен, 2016 жылғы маусымда ҚР ҰБ-ның валюта нарығындағы валютаны сатып алу түріндегі өктемдіктері 2,5 млн. АҚШ долларын құрады, бұл «іс жүзінде нөлдік мәнді» білдіреді», деп мәлімдеді Д. Ақышев.

«Валюта нарығында тұрақтандыруды атап өткен жөн. Ұлттық Банк өзінің валюта нарығына қатысуын барынша азайтты және теңгенің айырбастау бағамы Қазақстан орталық банкінің қатысуынсыз қалыптасуда», - деп атап өтті ол.

ҚР ҰБ-ның деректері бойынша, 2016 жылғы ақпан-мамыр аралығында нетто-сату көлемі шамамен 1 млрд. АҚШ долларын құрады. Шетел валютасындағы депозиттердің үлесі 2016 жылғы қаңтардағы өзінің ең көп 70 пайыздық мәнінен 2016 жылғы мамырдың қорытындысы бойынша 60 пайызға дейін төмендеді.

Халықтың салымдары бойынша долларлану деңгейі қаңтардағы 80,4 пайыздан 70,6 пайызға дейін төмендеді. Экономикаға кредиттердің көлемі жыл басынан бастап іс жүзінде өзгерген жоқ және 2016 жылғы мамырдың соңында 12,4 трлн. теңгені құрады. Кредиттеудің негізгі көлемі ауыл шаруашылығына, құрылысқа және өңдеу өнеркәсібіне бағытталған.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: ҚР Ұлттық банкі, БАҚ, Қаржы,
Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT