Ұлттық банкте БЖЗҚ қаржысы қалай инвестицияланатыны айтылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан Ұлттық банкі Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қаржысының нарықтық жағдайдағы табысты және сенімді жобаларға бағытталатынын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталып өткендей, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы аясында берілген тапсырмаларына сәйкес, Ұлттық банк Қазақстан экономикасының нақты секторындағы басым жобаларды қолжетімді несиемен қамтамасыз ету мақсатында ұзақ мерзімді теңге өтімділігін ұсыну жоспарлануда.

«Қазіргі уақытта реттеуші Үкіметпен бірлесе отырып, қаржымен қамтамасыз ету тетіктері мен шарттарын анықтау үшін жұмыс жасайды. Жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында нарық жағдайында БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерін пайдалану мүмкіндігі қарастырылған, оның ішінде 2018 жылы банктердің облигациялық бағдарламасына сәйкес жоспарланып, бірақ инвестиция үшін толығымен пайдаланылмаған 200 млрд теңге қаржы бар», - делінген хабарламада.

Бүгінгі таңда 2018 жылға банктер үшін көрсетілген облигациялық бағдарламалар аясында БЖЗҚ-ның зейнетақы активтері нарықтық жағдайда 35 млрд теңге сомасында банктердің облигацияларына инвестицияланған. Оның табыстылығы жылына 11,5-12% құрайды, деп түсіндірді Ұлттық банкте.

Мәлім етілгендей, өтімділікті ұсыну қауырттық, ақылылық және қайтарымдылық қағидасы бойынша жүзеге асырылады.

«Бұл инвестициялар тек табысты ғана емес, сондай-ақ сенімді. Ұсынылған қаражат екінші деңгейлі банктер арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі іріктеген басым жобаларды жүзеге асыруға бағытталатын болады», - деп атап өтті Ұлттық банкте. 

Соңғы жаңалықтар