Ұлттық банк жылдық инфляция деңгейін 8-8,5 пайызға дейін болжап отыр

None
None
АСТАНА. Қыркүйектің 22-сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ -ҚР Ұлттық банкі жылдық инфляция деңгейін 8-8,5 пайызға дейін төмендетіп болжап отыр.

Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Сенаты Қаржы және бюджет комитетіндегі кездесу барысында ҚР Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары Бисенғали Тәжіяқов мәлім етті,  деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ұлттық банкі туралы» заңға сәйкес, біздің негізгі атқаратын міндетіміз инфляцияның тұрақтылығын сақтау мен бағаны қалыпты ұстап тұру болып табылады. 2007 жылдан бастап есепке алғанда  бүгінгі күнгі инфляция деңгейі 6,9 пайызды құрап отыр. Атап айтқанда, ағымдағы жылдың тамыз айындағы жылдық инфляция деңгейі 6,2 пайызды құрады. Бұл өткен жылдың желтоқсан айына қарағанда 1,5 есе, 2008 жылдың тамызына қарағанда 3 есеге төмен көрсеткіш. 2009 жылғы қаңтар-тамыз айларында инфляция 4,3 пайызды құрады, өткен жылдың дәл осы кезеңдегі көрсеткіші 7,5 пайызды көрсеткен болатын. Осыған орай, біз жыл басында ағымдағы жылғы инфляция  болжамын шамамен 9-10 пайыз деп қарастырсақ, алғашқы жарты жылдық қорытындысына сәйкес, болжамдық көрсеткішімізді 8-8,5 пайыз деңгейінде қайта айқындап отырмыз», деді Б. Тәжіяқов.     

Соңғы жаңалықтар