Ұлттық банк жыл соңына дейін девальвацияның екінші толқыны болмайтынын тағы да мәлімдеді

None
None
АСТАНА. Қыркүйектің 22-сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ -Ағымдағы жылдың соңына дейін немесе жақын аралықта елімізде девальвацияның екінші толқыны орын алмайды.

Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Сенаты Қаржы және бюджет комитетіндегі кездесу барысында ҚР Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары Бисенғали Тәжіяқов мәлім етті,  деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Елімізде жүргізілген девальвациядан кейін, яғни ағымдағы жылғы ақпанның 5-інен бастап, долларға шаққандағы теңге бағамы ҰБ белгілеген дәлізден еш ауытқыған жоқ. Сонымен бірге, валютаға қатысты сатып алушы-сатушы ретінде қатысатын Ұлттық банк алтын-валюта қорынан бір тиын да шығындаған жоқ. Осыған байланысты  доллар бағамына қатысты банкпен белгіленген дәліз жыл соңына дейін сақталады деп ойлаймыз. Әрине, жұрт арасында девальвацияның екінші толқыны болатындығы туралы әңгімелер айтылып жатыр. Дегенмен, Ұлттық банк ағымдағы жылы немесе жақын аралықта банк тарапынан қайта девальвация жүргізу шарасы қарастырылмағандығын тағы да мәлімдейді», деді Б. Тәжіяқов.

Оның айтуынша, Ұлттық банк тарапынан бұл мақсаттағы қабылданған шаралардың барлығы толық сақталатын болады. 

Соңғы жаңалықтар