Ұлттық банк жалпы ішкі өнім туралы болжамды жаңартты
2021 жылғы 6 желтоқсан 18:08

Ұлттық банк жалпы ішкі өнім туралы болжамды жаңартты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ұлттық банкі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны туралы болжамын өзгертті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жаңартылған базалық сценарий бойынша Қазақстанның ЖІӨ-нің күтілетін өсуі 2021 жылдың соңына қарай 3,7-4,0% деңгейінде сақталады. Негізгі салым ішкі сұраныс пен экспорт тарапынан күтіледі. Үй шаруашылықтарын тұтыну халықтың өсіп келе жатқан кірісі және тұтынушылық кредиттерді берудің Тұрғын үй құрылысына салынған инвестициялар экономиканың өсуіне қосымша әсер етеді. Бұл ретте ішкі сұраныстың өсуі аясында импорт ЖІӨ-нің барынша жылдам өсуін тежейді. ОПЕК+ мұнайды тәулік бойы өндіру жөніндегі шектеулердің біртіндеп әлсіреуі, сондай-ақ әріптес елдердегі экономикалық белсенділіктің өсуі экспортты қалпына келтіре бастады. Тек мемлекеттің еңбекақы төлеуге және тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға арналған шығыстарының баяулауы мемлекеттік басқару органдарының тұтыну қарқынын төмендетеді», - деп жазылған министрліктің мәліметінде.

Ұлттық банк келер жылы жалпы ішкі өнімнің өсімі бұған дейінгі болжамнан төмен болу мүмкін екенін жоққа шығармайды.

«2022 жылы ЖІӨ-нің өсу қарқыны шамалы төмендеу жағына қайта қаралып, 3,9-4,2% деңгейінде болады деп күтілуде. Қайта қарау Қазақстанның сауда бойынша әріптес елдерінде экономикалық белсенділіктің қалыпты өсуіне, жаһандық және жергілікті жеткізу тізбектеріндегі іркілістердің Қазақстан экономикасына барынша теріс әсеріне байланысты.

Алдыңғы болжамды раундпен салыстырғанда шығарылым алшақтығының бағыты төмендеу жағына қарай қайта қаралды. Бұл жиынтық сұраныс компоненттерінің өсуі бойынша неғұрлым төмен бағаларға және жалпы экономикалық белсенділікке байланысты. Орта мерзімді кезеңде шығарылымның алшақтығы нөлге жақын белгілерде болады», - деп жазады Ұлттық банк сарапшылары.


Jańalyqtar

MURAǴAT