Ұлттық банк жалған ақша жөніндегі видеоға қатысты түсініктеме берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлттық банк жалған ақша жөніндегі видеоға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұған дейін әлеуметтік желілер мен ұялы мессенджерлер арқылы «Мәңгілік ел» сериясымен шыққан жалған 1000 теңге купюралары туралы видео тараған болатын. Ролик авторының айтуынша, бір купюрада Ұлттық банктің бұрынғы төрағасы Қ.Келімбетовтың қолы бар болса, тағы бір купюрада жоқ болып шықты.

Осыған байланысты ҚР Ұлттық банк Қазақстан теңгесі банкноттарында төрағаның қолтаңбасын қою туралы талаптың 2016 жылдан бастап алып тасталғанын еске салып отыр.

«Қазіргі уақытта айналыста Ұлттық Банк төрағасының қолтаңбасы қойылған, сол сияқты қолтаңбасы қойылмаған номиналы 1 000 теңгелік банкноттар бар, қалған бөлігінде олар бірдей болып табылады. Бұл банкноттар заңды төлем құралы болып табылады және төлемнің барлық түрі бойынша қабылдануға міндетті», - делінген ресми xабарламада.

Сұрақтар туындаған жағдайда банктің Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасына +7 (727) 2788 058, 2619-234, 2704-585 телефондары бойынша және Қолма-қол ақшамен жұмыс жүргізу басқармасына +7 (727) 259 68 14 телефоны бойынша хабарласуға болады.

 

Соңғы жаңалықтар