+7 (701) 759 90 19
USD 408.61 EUR 454.09
RUB 5.86 CNY 57.28
Jańalyqtar

Ұлттық банк валюталық интервенциялар жүргізуі мүмкін

2020 жылғы 10 наурыз 09:41
Бөлісіңіз:
Ұлттық банк валюталық интервенциялар жүргізуі мүмкін

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық банк Қазақстанның қаржы нарығында тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін қосымша шаралар қабылдауға дайын.

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық банкі төрағасы Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Энергия тасымалдаушылардың әлемдік нарығында баға қақтығысы короновирустың таралуынан қысымға ұшыраған әлемдік экономика перспективаларын күрделендіре түсуде. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы егер теріс әсер ұзаққа созылса, 2020 жылы әлемдік ІЖӨ-нің өсу қарқындарының 1,5 павйызға дейін төмендейтінін болжап отыр. Осындай жағдайда қазақстандық экспортқа сұраныстың төмендеу тәуекелі артады. Бұл шикізат тауарларына әлемдік бағалардың құлдырауы аясында 2019 жылы 5,5 млрд АҚШ доллары тапшылығымен қалыптасқан төлем балансының ағымдағы шотының 2020 жылы одан әрі нашарлауына алып келеді», - деді ҰБ төрағасы.

Оның атап өтуінше, 9 наурызда Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлттық банкінің мұнайдың әлемдік нарығындағы жағдай және макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы бірлескен үндеуі жасалды.

«Сыртқы сектор тарапынан өскен тәуекелдер аясында баға тұрақтылығын қолдауды қамтамасыз ету, сондай-ақ теңгенің айырбастау бағамын қорғау қажет. Сондықтан Ұлттық банк өз мандаты аясында кезектен тыс отырыста осы жылғы 10 наурыздан бастап базалық ставканы және проценттік дәлізді +/- 1,5 п.т. жылдық 12 пайызға дейін арттыру туралы шешім қабылдады. Базалық ставканы арттыру макроэкономикалық және қаржылық тұрақтылықты сақтауға жағдай жасайды және сыртқы сектордың ішкі бағаларға және долларизацияның теріс әсерінің алдын алады», - деді Ерболат Досаев.

Сонымен қатар ол Ұлттық банк теңгенің еркін өзгермелі айырбастау бағамы режимін ұстанатынын растады.

«Соған қарамастан, өзгерістер болған жағдайда қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін валюталық интервенциялар жүргізілуі ықтимал. Ұлттық банк әлемдік экономикадағы және халықаралық нарықтағы жағдайдың дамуын мұқият бақылауда және қажет болған жағдайда Қазақстанның қаржы нарығында тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін қосымша шаралар қабылдауға дайын», - деді ҰБ төрағасы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT