Ұлттық банк валюта нарығындағы жағдайға қатысты пікір білдірді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Ұлттық банктің Монетарлық операциялар департаментінің директоры Әлия Молдабаева елдегі валюта нарығында орын алған жағдайға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, теңге бағамының қазіргі динамикасы АҚШ-тың Ресейге қатысты қосымша санкцияларының негативті әсерін күтумен, жағдайдың әрі қарай өрбуінің белгісіздігімен және ресейлік рубльдің қазіргі жағдайымен тығыз байланысты.

«БАҚ-та жарияланған спекулятивті пікірлер АҚШ долларына деген сұранысты одан әрі ұлғайтып жіберді. Салдарынан ішкі валюта нарығында соңғы күндері теңгенің долларға шаққандағы бағамы құбылып тұр. Мұнай бағаларынан бөлек, бағамның қалыптасуына сауда бойынша серіктес мемлекеттердің валюта курсы, төлемдік теңгерім жағдайы, инфляция деңгейі, ҚР Ұлттық банкінің базалық мөлшерлеме, әлемдік проценттік мөлшерлемелер сынды негізгі факторлардың жиынтығы да әсер етеді. Бірақ, нарық қатысушылары болжамдарының күрт өзгеруі секілді бірнеше факторлар да теңге бағамы мен құбылмалылықтың артуына ықпалын тигізуі мүмкін», - деді Әлия Молдабекова.

Дегенмен, Ұлттық банк айырбас бағамын шектемейді және теңгенің айырбас бағамының еркін айналым режимін ұстанады.

«Айырбас курсының қалыптасуы нарық жағдайында екінші деңгейлі банктердің қатысуымен, валюта нарығындағы сұраныс пен ұсыныс негізінде жүзеге асады. Қазіргі бағам динамикасын спекулятивтік фактолармен түсіндіруге болады және Ұлттық банк халықтан шетелдік валютаны сатып алуды жөн деп санамайды», - деп өз сөзін түйіндеді департамент директоры.

Сонымен қатар, Ұлттық банктің Монетарлық операциялар департаментінің директоры айырбас бағамы күрт өзгеріп, тұрақсызданған жағдайда интервенция болуы ықтималдығын да жасырмады.

Соңғы жаңалықтар