Ұлттық банк төрағасының орынбасары қызметінен босатылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жанат Құрманов ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары қызметінен босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мемлекет басшысының Өкімімен Жанат Бостанұлы Құрманов Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі төрағасының орынбасары қызметінен босатылды», - делінген Ақорданың ресми сайтында.

Сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өкімімен Есжан Амантайұлы Біртанов ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар