Ұлттық банк тікелей шетелдік инвестициялардың әкеліну статистикасын тоқсан сайын жариялайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық банкі тікелей шетелдік инвестициялардың әкеліну статистикасын тоқсан сайын жариялайды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық банкі төрағасы Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қаржы технологияларын одан әрі дамыту мәселесі оларды қаржы нарығына енгізу тұрғысынан ғана маңызды емес, бүкіл қаржы секторын кешенді дамытудың негізгі факторы болып табылады. Ұлттық банк Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп, 2020 жылғы 1 шілдеге дейін Қаржы технологиялары мен инновацияларды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған тұжырымдамасының жобасын әзірлейді», - деді Ерболат Досаев.

Оның атап өтуінше, барынша айқын мәліметті алу үшін Ұлттық банк 2020 жылғы сәуірден бастап мұнай-газ саласын есепке алмастан тікелей шетелдік инвестициялардың әкеліну статистикасын тоқсан сайын жариялайтын болады.

«Қаржылық тұрақтылық және қаржы секторын одан әрі реформалаудың барлық шараларын үйлестіру Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес құрылған Қаржылық тұрақтылық жөніндегі кеңес арқылы қамтамасыз етіледі», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар