Ұлттық банк теңгенің нығаюына не себеп болғанын айтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Теңгенің нығаюына мұнай нарығындағы жағымды конъюктура себеп болды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Жыл басынан бастап теңгенің долларға шаққанда нығаюы байқалады. 8 ақпанда теңге бағамы 1,4 пайызға нығайып, бір доллар үшін 378,73 теңге болды. Бұл мұнай нарығындағы жағымды конъюнктура және Ресей рублінің нығаюы аясында орын алуда", - деді ҰБ төрағасы.

Осы ретте ол Ұлттық банк еркін өзгермелі айырбастау бағамын жалғастыратындығын айтты. Ұлттық Банктің нетто-интервенциясы қаңтарда нөлге тең болғанын еске салды.

"Ұлттық банктің алтын-валюта резервтері қаңтардың соңында 30,6 млрд доллар, Ұлттық қордың активтері 58,2 млрд доллар болды. Жалпы халықаралық резервтер 88,8 млрд долларды құрады",- деді Д.Ақышев.

Соңғы жаңалықтар